menu
Жабу

Бескөл мектеп-колледжінде жылу vен жайлылықты инновациялық модульді қазандық қамтамасыз етеді

Жаңалықтар
14.02.2024

1913 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС аралас оқу орны қазір орта және техникалық және кәсіптік салада сапалы білім беріп келеді. Бас директоры – Татьяна Викторовна Мишкина.

Бүгінгі таңда «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС – дайындық сыныптары, орта мектеп, колледж және тіпті студенттер тұратын интернаты бар білім беру кешені. 7.000 шаршы метр аумақта жылы өткелдермен қосылған төрт ғимарат орналасқан. Қазір мектеп пен колледжде 5 пен 18 жас аралығындағы 1025 бала оқып, 169 мұғалім мен басқа да қызметкерлер жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысының қысы қатал. Білім беру мекемесінің басшысы Татьяна Мишкина оқушылар мен қызметкерлердің жайлылығын қамтамасыз ету үшін қолынан келгенше барлық жағдай жасағанмен, қыс кезінде жылыту мәселесі бұл оңай емес. Мектепте жылу сақтау үшін терезелер ауыстырылып, есік-тесіктер бітелді, бүйірдегі кіреберістер жөнделді. Бірақ мәселе толық шешілмеді.

БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Жаһандық Экологиялық Қордың қаржылай қолдауы және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен серіктестікте жүзеге асатын «Төмен көміртекті даму үшін орнықты қалалар» жобасы аясында мектепте биомассамен жанатын модульдік қазандық орнатылды.

Модульдік қазандық ағаш жаңқалары жағуға арналған қазандық, отын сақтағыш және қазандыққа автоматты түрде отын беру жүйесінен, сондай-ақ қазандық пен күлді тазарту жүйелерінен тұрады. Қазандық екі апта бойы өз бетінше жұмыс істей алады, тек қызметкерлер бақылауы ғана керек. Ауа-райының өзгеруіне байланысты жүйе жылыту температурасын автоматты түрде реттеп отырады.

Қазандық 2023 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ берген кредит есебінен сатып алынды, компанияның «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» бағдарламасына қатысуының арқасында аталған жобаны жүзеге асыруға банктен алынған кредиттің бастапқы сомасының 40%-ы мөлшеріндегі қазандық сатып алуға жұмсалған шығындар өтелді. Сонымен қатар, компания «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорынан кредит сомасының 78,5%-ы мөлшерінде кепілдік те алды.

Жылу және электрмен жабдықтау шығындары білім беру мекемелері бюджетінің едәуір бөлігін құрайды. Бескөл мектеп-колледжінде жылыту маусымында жылыту шығындары жылына 13 миллион теңге болды. Жаңғыртудың арқасында жылына 8,5 миллионнан астам теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл жалпы соманың 70 пайызға жуығы.

БҰҰДБ сарапшыларының болжамынша, Бескөл мектеп-колледжіндегі жаңа қазандық көмірқышқыл газының шығарындыларын жыл сайын шамамен 900 тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жылына шамамен 200–300 автомобиль шығаратын зиянды түтін көлеміне тең.

Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл ауылы, Гагарин к-сі 12Б

Тел: +7 715 38 2 16 60

Инстаграм: @beskol_shg

Сайт: https://beskol-shk.edu.kz/ru

too_kipr@mail.ru