info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында «Білім бағы» мектеп-гимназиясы ашылды

Жаңалықтар
15.02.2024

«Білім бағы» мектеп-гимназиясы» ЖШС ресми түрде 2023 жылы Раушан Орынбасарқызы Әлімбетова тіркеген.

Негізгі бағыт – бастауыш сынып оқушыларына білім беру қызметі. Раушан Әлімбетова 20 жылдан астам мектепте жұмыс істеп, бастауыш сыныптарды оқытқан ұстаз. Біраз уақыттан кейін өзінің жекеменшік мектебін ашуға ұйғарды. Қазір әр ата-ана баласына сапалы білім беруге ұмтылады.

2023 жылдың басында Раушан Әлімбетова бастауыш сынып оқушыларына арналған заманауи мектеп салуды жоспарлады. Онда білім берудің заманауи стандарттарына сәйкес келетін бағдарламалар, сондай-ақ инновациялық авторлық әдістер мен технологиялар бойынша оқытуды жүзеге асыруды қалады.

Мектеп салу үшін несие қажет болғанда Раушан Әлімбетова «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Жамбыл филиалына жүгініп, несие бойынша толық мағлұмат алғаннан кейін «Қазақстан Халық Банкінен» қарыз алды. Жобаны субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдады.

Несие және мемлекеттік қолдау алғаннан кейін Раушан Әлімбетова өз жобасын сәтті жүзеге асырып, заманауи стандарттар бойынша жаңа мектеп ашты.

Тараз қ., Бурыл-Б., Әліпшеев к-сі, 51.

Instagram: @bilimbagy.school

Тел: +7-747-315-19-85