Зейноллаева Гүлнара Мәжитқызының мамандығы – экономист-бухгалтер. Семей қаласында техникум бітірген.
Еңбек жолына 2005 жылы «Мұрагер» тігін цехында сатушы-консультант болып бастады. Кейін қойма меңгерушісі, менеджер лауазымын атқарып жүріп өндіріс директорына дейін өсті. Жылдар бойы жиған тәжірибесіне сүйенетін ол өз бизнесін ашуды армандайтын.
Бұл ойы 2014 жылы жүзеге асты. Сол жылы Гүлнара жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тігін цехын ашты. Жиған қаражатына шикізат пен жабдықтар сатып алды. Цехта жұмысшыларға арналған қыстық және жаздық киімдер, халаттар, хирургиялық костюмдер, жеңіл өнеркәсіп қызметкерлеріне киімдер, қой жүні мен мақта салып сырып тігілген көрпелер, жастықтар мен төсек орын жиынтықтар шығаратын.
Тігін бизнесін кеңейту және құрал-жабдықтар сатып алу үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Даму» қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиенің мөлшерлемесін жылына 8%-ға төмендетіп, субсидиялады. Сондай-ақ кепілдік жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдік те ұсынды.
РК, Абай облысы, Семей қаласы, Найманбаев көш. 125
Инстаграм: @spetsodezhda_semey_
+7 72 22 52 27 35