menu
Жабу

Қолжетімді бағадағы сапа

Жаңалықтар
23.02.2024

«DOSFARM» ЖШС – жоғары сапалы дәрі-дәрмек шығаратын жетекші отандық өндірушілердің бірі. Қазақстанның фармацевтика нарығындағы 23 жыл ішінде «DOSFARM» ЖШС өзін заманауи автоматтандырылған желілерде өнім шығаратын сенімді серіктес және табысты өндіруші ретінде танытты. Ең сапалы шикізат, қауіпсіз материалдар және заманауи технологияларды пайдалану өнімнің мінсіз сапасына кепілдік береді. 2008 жылдан бастап компания ISO9001-2008 жүйесін ұйымдастырды. 2016 жылы «DOSFARM» GMP жақсы өндірістік тәжірибе сертификатын алды.

Компания заманауи, жоғары сапалы офтальмологиялық және лор препараттар, антисептик ерітінділер, жақпа майлар және спрей түріндегі препараттар сияқты барлығы 90-нан астам тауар түрін ұсынады.

«DOSFARM» ЖШС – дәрілік препараттарды юнидозада (UD) өндіретін Қазақстандағы тұңғыш фармкомпания. BFS – стерильдігі жоғары өнімдерді асептик күйде ораудың жетілдірілген әдісі. Blow-Fill-Seal технологиясы бүкіл әлемде асептик күйде де, зарарсыздандырылған ақырғы күйде де қолдану мүмкіндігі бар, стерильді ерітінділерді өндірудің ең озық технологиясы ретінде танылды. BFS технологиясы өндірістегі үш процесті бір циклге біріктіреді. Тұтынушы үшін стерильдік пен қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі сақталады. Қаптаманың бірегей формасы тасымалдауға, пайдалануға ыңғайлы және төзімдірек.

Қазір «DOSFARM» ЖШС Қазақстан шекарасынан тыс жерлерге де танымал. «DOSFARM» ЖШС ұжымы Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Ресей, Моңғолия елдеріне өнім экспорттап отыр.

2022 жылы компания «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында и мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау алып, қызметін айтарлықтай кеңейтті.

Несие қаражаты жылжымайтын мүлік пен материалдар сатып алуға жұмсалды.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, 8 кв, 1703

Тел.: +7 727 253 03 88

Пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Сайт: www.dosfarm.kz

Инстаграм: @dosfarmdf