Пластмасса адам өміріне мықтап енді. Пластмассадан жасалған элементтері жоқ заманауи өнеркәсіп өнімін елестету қиын. Пластмасса – синтетика полимер. Өндіру барысында белгілі бір формаға келтіруге болады, берік, агрессив әсерге төзімді және көп салада қолданылады.
Пластмассадан жасалған тауарлар өндірісін тиімді инвестиция деп ұққан қызылордалық кәсіпкер Руслан Ахметов цех ашуға шешім қабылдады. Өндірісте ол Rehau брендінің профиль жүйесін қолданады. Олардың параметр, өлшемдері мен эстетикалық сипаттамалары әртүрлі. Қолда бар ассортимент әртүрлі деңгейдегі жөндеу және құрылыс жобаларына профиль түрін еш қиындықсыз таңдауға мүмкіндік береді. Соның арқасында тұтастай жабық, шалқайып ашылатын, жиналмалы жапқышы мен балкон есігі бар терезе блоктарын жасауға да болады. Кәсіпкердің өнімдері функционалды емес, сәнді дизайнды да. Сонымен қатар, тіпті ең кіді деген тапсырыс берушінің өзі талғамына сай келетін түс немесе декорды таңдай алады.
Пластмасса бұйымдарын өндіретін жабдықтар сатып алу үшін Руслан ашқан «Надыр» ЖШС «ForteBank»-тен несие ресімдеп, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидия түрінде «Даму» Қорының қолдауын алды.
Қазір кәсіпорынның тұрақты тұтынушылары көп. Өйткені бұл өнім әртүрлі салада әрдайым сұранысқа ие. Кәсіпкер сонымен қатар өнімді елдің әртүрлі аймақтарына да жеткізіп береді. Болашақта шет елдерге экспорт шығару да жоспарда бар. Бұл – облыс пен елдің экономикалық дамуына үлкен үлес қосады.
Қызылорда қаласы, Күләш Байсейітова көшесі, 58 үй
тел: +7 777 334 33 99