info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматы қаласының «PREMIX PRO»ЖШС компаниясы «Даму» Қорының қолдауын алды

Жаңалықтар
19.02.2024

PREMIX PRO компаниясы Қазақстанда жетекші брендтер мен технологияларды ұсынады және «Өндірістегі және үй ішіндегі едендер», «Сәнді едендер», «Гидрооқшаулау» және «Қасбеттерді жылу үшін қаптау», «Бетонды жөндеу және қалпына келтіру», «Интерьер мен қасбеттерді әрлеу», «Тақта салу» және «Бетон мен ерітінділер қоспасы» сияқты 8 бизнес бағытта жұмыс істейді.

2014 жылы Алматыда негізі қаланған PREMIX PRO компаниясы Premix, Bauma және Usta сияқты брендтердің арқасында көш бастап тұр.

PREMIX PRO бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Компанияның Астана, Шымкент, Атырау және Алматы қалаларында өндірістік алаңдары бар және 100-ге жуық қызметкері бар.

Кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкінен» айналым қаражатын толықтыруға 21,75%-бен несие алған кезде «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің 13%-ын Қор арқылы субсидиялады. Сонымен қатар компания «Даму» қорының кепілдігін де пайдаланды.

Қаражат құрылыс материалдарын өндіру үшін шикізат сатып алуға жұмсалды. «PREMIX PRO» ЖШС қала экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Инстаграм: @premix.pro

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Сүйінбай д-лы, 336

Байланыс телефондары : 8- 701-111-25-80