menu
Жабу

«Asel Sagi» бренді – ерекше әрі сәнді киімдер

Жаңалықтар
21.02.2024

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ мәдениетінің ажырамас әрі маңызды атрибуты. Қазақ қоғамы өз бірегейлігін сақтауға тырысып, тарихын заманауи стильмен ұштастыруға ұмтылады.

Мұны отандық дизайнерлердің киімінен байқауға болады. Қазақ ұлттық стилінің ою-өрнек, кесте сияқты түрлі элементтері күннен күнге сәнге айналып, киім-кешек немесе тұрмыста қолданатын бұйымдардың ажарын ашып келеді. Қазақ ою-өрнегі композициясы, түсі әсем және үйлесімді, бай, алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Осылай ұлттық нақыштағы заманауи киімдерді Маңғыстау өңірінде жеке кәсіпкер Әсел Оразғалиқызы Зиналиева да шығарады. Бизнес 2019 жылы тіркелген.

Дизайнердің әр моделі дәстүр мен заманауи стильдің басын қосып тұратындықтан, көпшілігі күнделікті киім ретінде де, ерекше жағдайда, салтанатты кештер үшін де жарамды.

Ұлттық стильдегі киім өндіретін ателье ашу мақсатында кәсіпкер «Forte bank»-тан несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қарызды ішінара субсидиялады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдікпен алған қаржы ателье үшін коммерциялық ғимарат сатып алуға жұмсалды.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 19а ш/а, 23-үй

Instagram: @aselsagi_atelier

тел.: +7 (702) 578 61 87