info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

SEED Educational Complex ЖШС мен білім берудің заманауи мүмкіндіктері

Жаңалықтар
20.02.2024

Қазіргі балалар жылдам ойланады және өзіне не керек екенін жақсы біледі. Мұндай жағдайда баланы тар шеңберге тықпаламай, еркіндік бере отырып қолдау көрсету маңызды.

«SEED Educational Complex» ЖШС өз тәрбиеленушілеріне күтіп-бағу, тәрбие, негізгі білім мен қосымша дамыту қызметтерінің басын қосатын толық кешен ұсынады. Мұнда әркім өз баласына нақты не қажет екенін өзі таңдай алады. Компания осы салада мол тәжірибесі бар білікті мамандарды жинаған.

«SEED Educational Complex» компаниясы 2018 жылдан бастап «SEED SCHOOL» брендімен математика мен тілді тереңдетіп оқытатын жекеменшік мектеп, 2021 жылдан бастап «SEED Kindergarden» брендімен балабақшаны іске қосып, жұмыс істеп келеді. Компания бала оқыту және тәрбиелеу саласында сапалы және кәсіби қызмет көрсетеді. Балабақша мен мектепте ыңғайлы жұмыс кестесі, білікті қызметкерлер мен әр балаға жеке назар аударып, аналысатын жүйе бар. Топта немесе сыныпта 20 баладан аспайды. Балабақшаның күнделікті өмірінің міндетті шарты – бала денсаулығы мен қолайлы дамуын қамтамасыз ететін күндізгі ұйқы. Мектептің күнделікті жұмысының міндетті шарты – сауықтыру гимнастикасы, оқушылардың денсаулығы мен қолайлы дамуын қамтамасыз ететін оқушылардың шығармашылық дамуы мен нейропсихологиялық дамуы. Оқу ойындарын, үйірмелерді, дене шынықтыру өткізу әдістемесі арнайы әзірленген. Жарыстар ұйымдастыру, театр, көрмеге бару, конкурс, олимпиадаға қатысу тұрақты түрде жүргізіледі.

Балабақша мен мектеп ашу және дамыту үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені 6%-ға дейін төмендетіп, 12% айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

SEED Educational Complex ЖШС қарыз қаражатына 100 орындық балабақша мен 160 орындық бастауыш мектеп үшін коммерциялық үй-жай сатып алды.

«Біз балаларға өз пікірлерін білдіруді және қорғауды, тәртіпті сақтауды және шығармашылық еркін болуды үйренетін әлем құрамыз», - дейді кәсіпкерлер.

Мекен-жайы: Астана, Бұқар Жырау көшесі, 21

Телефон: +7 775 007 4861

Пошта: https://seedschool.kz/