menu
Жабу

Атырауда мемлекеттік қолдаудың арқасында техникалық қызмет көрсету станциялары дамуда

Жаңалықтар
20.02.2024

Автосервис – көлік иесінің қолын ұзартып, қысылғанда көмекке келетін жеке қызмет түрлерінің бірі. Небәрі 10-15 жыл бұрын саны аз автосервистердің басты міндеті – мотор майын немесе тежегіш жастықшаларын ауыстыру сияқты импорт техникаға қызмет көрсетудің қарапайым түрлерін орындау болатын. Қазір отандық автомобиль сервисінің қызметі әртүрлі салада қарқынды дамып келеді. Шетелдік алпауыттар өнімдерімен жұмыс істеу және олардың техникалық жабдығы жайын білу мен жұмысшылардың кәсібилігі деңгейін арттыруды көздейтін сектордың өскені ерекше байқалады.

Атыраулық «Spektr» ЖК басшысы Данияр Алжанбай өз бизнесін 2016 жылы техникалық қызмет көрсету станциясын жалға алудан бастады, содан кейін осы мүлікті жеке меншікке сатып алуға шешім қабылдады.

Техникалық қызмет көрсету станциясын сатып алу жөніндегі жобаны «Қазақстан Халық Банкі» қолдап, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында жылдық 21,75%-дің 12,75%-ын субсидиялады. 9% айырманы кәсіпкер төлейді. Қордың кепілдігі несие сомасының 37% -ын құрады.

Қазір «Spektr» компаниясы көлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуді жалғастыруда.

Атырау қ. Исатай даңғылы, 1Д көшесі

+7 701 441 55 52

Instagram: @Megamotors_atyrau