info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Beauty smile clinic - әдемі күлкі!

Жаңалықтар
21.02.2024

Бүгінде медицинада пациенттерден сұраныс мол ие бағыттардың бірі – стоматология. Көкшетау қаласында жыл сайын жаңа стоматологиялық клиникалар ашылып жатыр. Соның бірі – Адамова Рината Юрьевна ашқан Beauty smile clinic. Өз стоматологиясын ашқанға дейін, Рината Юрьевна басқа клиникаларда жұмыс істеді. Бірақ өсу мен дамуға деген ұмтылыс оны өз бизнесін бастауға итермеледі.

«Идея пайда болған сәттен бастап мен, әрине, оны жүзеге асыра бастадым. Ең алдымен, арманымды жүзеге асыру үшін қаражатты қайдан алуға болады?- деген сұрақ туындады. Алдымен «Forte Bank» АҚ-на хабарласып, барлық қажетті құжаттарды жинап, бұрын таңдаған үй-жайды жөндеуге кірістім», – дейді Рината Юрьевна.

2022 жылы «Бьюти смайл клиник» ЖШС «Forte Bank»-тен несие алып, үй-жай, сонымен қатар емхананың жұмыс істеуіне қажетті жаңа заманауи жабдықтар сатып алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында «Даму» Қоры субсидия берді.

Толық дайындықтан өткен «Бьюти смайл клиник» ЖШС медициналық қызметке лицензия алу үшін барлық қажетті процедуралардан өтті.

Beauty smile clinic стоматологиясы – қала орталығында ыңғайлы орналасқан, тегін кеңес береді. Кез келген күрделі ем (кариес, пульпит, периодонтит) жүргізіп, тіс жұлу, қалпына келтіру, тіс қағын кетіру және протездеудің барлық түрін ұсынады. Пациенттермен жұмыс тәжірибесі мол, тұрақты негізде біліктілігін арттырудан өтіп, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мамандардың сертификаттары бар жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді. «Біз қызмет көрсету қызметкерлері үшін, ең бастысы, Гиппократ антын қабылдаған адамдар үшін пациенттің денсаулығы мен жайлылығы әрқашан бірінші орында. Біз науқастардың бізге қорықпай келіп, нұрлы жүзбен күлімсіреп кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - дейді Рината Юрьевна.

Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі, 121 «Аружан» ТК.

Instagram: @beauty_smile_clinic_kokshe

Тел. 87004430208, 8(7162) 43-02-08