info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қостанай облысында жаңа тігін фабрикасы іске қосылды

Жаңалықтар
21.02.2024

«Азурит» ЖШС ПТФ 6 жылдан астам уақыттен бері арнайы киімдер мен мектеп формасын әзірлеп, өндіріп келеді. Компания Қостанай облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал.

2024 жылы 21 ақпанда Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың қатысуымен «Азурит» ЖШС ПТФ жаңа тігін фабрикасының ашылу салтанаты өтті. Жобаны «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдап, «Қазақстан Халық банкінен» алған несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. 

Жобаның жалпы құны 350 млн теңгені құрады. Жоба аясында жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асатын жаңа жеке ғимарат салынды. Фабрика заманауи тігін жабдықтарымен қамтылды. Мұнда жұмыс киімдері, денсаулық сақтау мекемелері мен қызмет көрсету салаларына арналған заманауи арнайы киімдер, сондай-ақ мектеп формасын шығаратын жаңа цехтар іске қосылды. Сондай-ақ, өндірісті кеңейту аясында компания жаңа бағытты игеріп, ортопедиялық жастық шығаратын жаңа цех ашты.

Фабриканың ашылуымен тек көлемі ұлғайып қана қоймай экспорт әлеуеті артып, 200-ден астам жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ отандық өндіріс импорттың орнын басады.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту қазір басымдық берілген бағыттардың бірі саналады, Өйткені сала халықты жұмыспен қамтитындықтан, әлеуметтік маңызы зор.

«Біз фабриканың ашылуына ұзақ уақыт жұмсадық. Бұрын біздің өндіріс бірнеше кабинетте ғана орналып, тігін цехтары да сол жерде еді. Небәрі 12 адам жұмыс істеді. Қазір біздің өндірісте 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Фабриканы іске қосу кезінде біздің басты мақсатымыз бірінші кезекте адамдар үшін жағдай жасау болды. Яғни қосымша жаңа жұмыс орындары құрылады. Бұл біздің табысымыз бен шығармашылығымыздың шыңы! Біз өз еліміздің патриотымыз! Біз жеңіл өнеркәсіпті қолдаймыз! Қазір біздің елімізде бизнес ашу өте ыңғайлы және бұл жолда қолдау көрсеткені үшін мемлекетке зор алғыс»,-дейді компания басшысы Светлана Шипилкина.

Азурит мемлекеттік бағдарламалардың, сондай-ақ Даму Қоры ұйымдастырған қазақстандық тауар өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесінің бірнеше мәрте қатысушысы.

Бір сөзбен айтқанда, Азурит – Қостанай облысының мақтанышы!

Қостанай қ., Қарбышев көшесі, 35 үй

Тел: +7 (707) 988 91 61

Instagram: @azurit_kst

Сайт: azurit.kz, azurit-shop.kz