info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Baitaq» ЖК жиһаз цехын ашуға несие алды

Жаңалықтар
22.02.2024

«Baitaq» жиһаз фирмасы Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Семей қаласында жұмыс істеп, өнім шығарып келеді. Компания 2022 жылы тіркелген. Бұған дейін де жиһаз өндірісінде мол тәжірибесі болды. Бастапқыда өндіріс жалға алынған цехта болатын. Қазір 17 адам жұмыспен қамтылса, оның бесеуі тігінші, бесеуі қаңқа құрағыш, бесеуі өлшеп, пішуші және екеуі қара жұмысшы. Кәсіпкер орташа табысты халыққа арналған жиһаз өндіреді. Дайын өнімдерін ұсынумен қатар тапсырыс бойынша да жасаумен айналысады.

Өндірісте: ағаш өңдеу машинасы, көп аралы кесу машинасы, тегістеу машинасы, электр құралдары, тігін машиналары секілді жиһаз өндірісіне қажет дүниенің бәрі бар. ГазЕль маркалы автокөлігімен жеткізеді. Компания аптасына 70-90 диван жасайды.

Жиһаз өндірісіндегі «Baitaq» брендінің ассортименті:

- дивандар;

- шкафтар;

- үстелдер мен орындықтар;

- кереуеттер. 

Кәсіпкер «Forte Bank»-тен 2023 жылдың мамыр айында 50 млн теңге көлемінде несие алып, қаражатының бір бөлігіне жер учаскесін сатып алып, Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 313 мекенжайы бойынша жиһаз өндіру цехын салды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің мөлшерлемесі 21,75%-ды құрады. Оның сегіз пайызын кәсіпкер төлейді, 13,75%-ы мемлекеттік субсидия. «Даму» қоры несие сомасының 37,6%-ына кепілдік те берді. 

Кәсіпкердің айтуынша, үлкен жетістіктерге жету үшін қарқынды және сапалы жұмыс істеу қажет. Болашақта ол Қазақстанның басқа қалаларында да өндіріс ашуды жоспарлап отыр. 

Павлодар қаласысы, мәшхүр Жүсіп көшесі 313

+7 747 028 07 30