Бизнесті дамыту үшін жылына 8%-бен несие алу мемлекеттік бағдарламалар аясында мүмкін болды.
Жетісулық кәсіпкер Сарқытжан Шингожина 2020 жылдан бастап медицина саласында оқыту мен зерттеуге қажет манекендер мен керек-жарақтар шығарып келеді.
«Сарқыт» ЖК тарихы тендерлер мен мемлекеттік сатып алуларға қатысудан басталды. Алғашқы жылдары олар медициналық колледжге тауарлар (маскалар, қолғаптар және т.б.) жеткізетін. Өзін орнықты жеткізуші ретінде дәлелдегеннен кейін компанияға медициналық колледжден медициналық манекендер жеткізіп тұру туралы ұсыныс түсті. Бұл іске де кәсіпкер тиянақпен қарады.
Дегенмен, нарықты зерттей келе кәсіпкерге осы медициналық манекендерді өзі шығару жайлы идея келді. Осы өндіріске қажет жабдықтар мен шикізат сатып алып, инъекцияға арналған манекендер шығара бастады. Медициналық колледж алғашқы манекендерді тамаша деп бағалады. Өндірісті жолға қойған компания қазір инъекцияға арналған манекендерді ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа да бұйымдар шығарады.
«Мемлекеттік қолдау бізге өсуге және дамуға көмектеседі. Субсидиялаумен қатар бізге «Даму» Қорының несие сомасының 85% мөлшеріндегі кепілдігі де көмектесті», - дейді кәсіпкер Сарқытжан Аманбайқызы.
«Сарқыт» ЖК инвестиция қажет болғанда «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында олар субсидияның арқасында пайыздық мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендете алды.
Өнімге сұраныс мол және медициналық мекемелерде оқыту мен зерттеу жүргізу үшін кеңінен қолданылады. Клиенттермен компанияның негізгі принципі сенім мен өзара сыйластыққа негізделген. Әрбір клиентке жеке көзқарас, медицинаның белгілі бір салаларына арналған жабдықты таңдау, кепілдік және қызмет көрсету және медициналық макеттердің жаңа үлгілерін ұсыну жақсы жолға қойлған.
+7 771 408 05 39
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Алдабергенов көшесі, 138/1