info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Прогресс» тігін фабрикасы - тоқыма өнеркәсібіндегі сапа мен сенімділіктің белгісі

Жаңалықтар
27.02.2024

«Прогресс» тігін фабрикасы ЖШС 2014 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Смыков Алмат Ерланұлы негізін қалаған фабрика «IRBY» атты брендімен киім, сондай-ақ «IRBY Style» брендімен балалар киімі желісін шығарады.

«Прогресс» тігін фабрикасы бұл жай ғана кәсіпорын емес, тоқыма өнеркәсібі әлеміндегі ең жоғары сапа мен сенімділіктің символы.

Компания құрылыс, мұнай-газ және тау-кен өндіру салаларына, сауда, қызмет көрсету және тамақтану, күзет және ведомстволық құрылымдар, медициналық мақсаттағы киім және білім беру салаларының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдерді тігу және сатып, табысты дамып келе жатыр.

Тігін фабрикасы Қазақстан Республикасының органдары мен ведомстволарының қажеттілігі үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушы, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» отандық тауар өндірушілердің тізілімінде тұр.

Прогресс зауытының әр қызметкері әскери қызметшілерге сапалы форма тігу арқылы олардың денсаулығын сақтап, жауынгерлік рухын көтеру арқылы елдің қорғаныс қабілетіне үлес қосады. Бұл кез келген жауынгерлік тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Тігін бұйымдарында әлемдегі жетекші өндірушілердің материалдары пайдаланылады.

«Прогресс» тігін фабрикасы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалар аясында Петропавл қаласының жергілікті органдарымен белсенді ынтымақтастықта. Серіктестік «алғашқы жұмыс орны», «күміс жас» және «әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты бағдарламаларға қатысады.

Компания қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға тырысады. Асхана жабдықтау, фабрикада кішкентай балалары бар қызметкерлерге балалар бөлмесін жасау жоспарлануда. Оларды тәжірибелі тәрбиешінің бақылауында қалдыра алады. Сондай-ақ, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және үздіксіз дамыту оқу орталығын құру жоспарлануда.

Қазір зауытта 70 қызметкер жұмыс істейді. Өндіріс қуатын арттыру –компания үшін стратегиялық қадам. Осы мақсатты іске асыру үшін қосымша 80 білікті тігіншіні тарту жоспарлануда. Қазір жылына 20 мыңнан астам дана дайын өнім шығарып жатыр.

2023 жылы тігін фабрикасының қызметін дамыту үшін «Банк Центр Кредит» АҚ-дан несие алынды. «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13% айырмасын «Даму» Қоры субсидиялап, кәсіпкерге 8% мөлшерінде тиімді сыйақы мөлшерлемесі қалады.

Петропавл қ, Интернациональная к-сі, 2Б

Тел: +7 777 478 70 70

Инстаграм: @progress.fabrika

Сайт: https://pgrs.kz/