menu
Жабу

«Нәтижеге» жұмыс істейміз

Жаңалықтар
26.02.2024

«Ерекше» балаларға арнайы, кешенді көмек қажет. Оларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және сөйлету ерекше жағдайды қажет етеді. Мұндай орталықтың негізгі мақсаты – баланы түзету мен бейімдеудің заманауи әдістері мен бағдарламаларын қолдану, баланың әлеуметтендіру, мінез-құлық және сөйлеу дағдысын барынша арттыру, мектепке дайындау.

Маңғыстау облысында ерекше балаларды дамытумен кәсіпкер Жақсыбаев Батырхан Октябрьұлы айналысады. Ол ашқан ЖК «Elhan» 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Орталық ашу мақсатында кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қарызды ішінара субсидиялады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында алған қаржы сенсорлық бөлме, қабырға шкафтары, балалар төсектері, жиһаз жасап, орнатуға жұмсалды.

«Результат» орталығы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Орталықта логопед, дефектолог, психолог, педагог жұмыс істейді. Әр баламен жекелей және топта оқыту, түзету жүреді. Балалар жас ерекшеліктері мен даму деңгейлері бойынша топтарға бөлінеді.

Орталық әдістерінің бірі – мінез-құлықты зерттеп, талдау (Aba-Applied Behavior Analysis). Бұл оқыту және мінез-құлық ғылымына негізделген терапия. АВА терапиясы сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын, зейінді, әлеуметтік дағдыларды, есте сақтау мен оқу үлгерімін жақсартуға, проблемалық мінез-құлықты азайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ, сенсорлық бөлмеде бейімделгіш дене шынықтыру (БДШ) сабақтары өткізіледі. Бұлшықет және сенсорлық жүйелерді дамыту арқылы өзін-өзі бақылау және денені басқару жақсарады, бұл әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар мен тәуелсіздіктің дамуына оң әсер етеді.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 32В шағын аудан, «Алмагул» БО

Instagram: @rezultat_aktau

тел.: +7 (707) 701 38 18