Холдингтің тарихы 2001 жылы қайың фанерінің шағын партияларын сатудан басталады. Уақыт өте келе бұл фанера өнімдерінің ірі өндірісіне айналды. 2022 жылы Қазақстанда фанера және басқа да плита материалдарды өңдеу саласындағы 20 жылдық тәжірибе негізінде «Plycom Uralsk» ЖШС заманауи өндірістік кәсәпорыны құрылды. Кәсіпорынның бір бағыты - фланец өндірісі. Фланецтердің диаметрі 300-ден 1500 мм-ге дейін, қалыңдығы 6-дан 24 мм-ге дейін. Кәсіпорын сонымен қатар техникалық талаптарға және материалды кесуге сәйкес кез келген бөлшектерді шығара алады. Барлық өнімдер мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жоғары дәлдіктегі станоктарда шығарылады. Кәсіпорын қайың фанерін, сондай - ақ фанера мен басқа да плиталық материалдардан жасалған зауыттық бұйымдарды экспорттаушы қазақстандық кәсіпорындар арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Кәсіпорын В2В секторында жұмыс істейді және жеткізу географиясын үнемі кеңейте отырып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі кәсіпорындармен ынтымақтасады.
Айналым қаражатын толықтыруға кәсіпорын мемлекеттік қолдауды пайдаланып, «Даму» Қорының субсидиялары мен кепілдіктері құралдарын қолдана отырып, «Bereke Bank» АҚ-нан «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алды.
«Plycom Uralsk» өнімдері кабельдік индустрияда, автомобиль, үй құрылысы, логистика индустриясында, сондай-ақ орау өндірістері мен жиһаз кәсіпорындарында сәтті қолданылады. Кәсіпорын жыл сайын 15000 м3-ден астам фанера мен басқа да плиталық материалдарды әр түрлі қалыңдықта, сорттарда және форматтарда өңдейді. Өнімдер бүкіл әлемге: Германия, Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Испания, АҚШ, Ирландия, Италия және басқа елдерге жеткізіледі.
Мекенжайы: ҚР, БҚО,Орал қаласы, Орал-Саратов тас жолы, 24 К1 құрылыс ғимараты
Тел.: + 7 777 616 66 57
Сайт: plycom.kz