Алматыда шұлық шығаратын компания қолдау алды

Жаңалықтар
27.02.2024

«Alma-tex LTD» ЖШС 2017 жылы Қазақстанда шығарылатын шұлық бұйымдарын танымал ету мақсатында Алматы қаласында құрылған. Осы саладағы халықаралық тәжірибені зерделеп, өнім сапасын жақсарту бойынша шешімдерді үнемі іздестіру арқылы компания ел нарығында жетекші орынға жайғасты.

Өндірістің озық технологияларын пайдалана отырып, компания жоғары сапа деңгейіне, қызмет ету мерзіміне және өнімді тұтынушылар алдындағы жауапкершілікке қол жеткізді.

«Бүгін біз жоғары дәрежелі мамандар командасын жинадық. Өндіріс қуатының кез келген ауқымын қамтуға дайынбыз. Күн сайын теңдесі жоқ сапалы тауарларымызбен тұтынушыларды қуантып келеміз. Ірі сауда желілерінің бізбен тұрақты серіктестігі осының дәлелі» - дейді компания басшысы Глеб Арнольдович.

Дүкен сөрелеріне түсер алдында компанияның өнімдері көрсетілген сапа кепілдігіне сәйкестігі үшін көп сатылы сынақтан өтеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы компания «Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қолдау» бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға қаржы алды. Бағдарлама шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 6 пайызды құрайды. Несие қаражаты шұлық бұйымдарын өндіру үшін шикізат сатып алуға жұмсалады.

«Alma-tex LTD» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Инстаграм: @almatexkz

Мекен жайы: Алматы қаласы, Ровенский к-сі, 4

Байланыс телефондары : 8- 701-718-41-00