info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Үлкен мүмкіндіктер ұсынатын тіл мектебі

Жаңалықтар
27.02.2024

Шет тілін үйрену – заман талабы. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына әсер ететін жаһандану процестері қарқынды бола түскен сайын бұл да өзекті бола түспек.

Ағылшын тілі – халықаралық тіл, БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі, саясат, ғылым, техника, бизнес, мәдениет, сауда сияқты салалардағы халықаралық қатынас тілі. Ағылшын тілі – адамның өзін-өзі жетілдіруінің кілті. Өйткені осы тілдің көмегімен түрлі әдебиетті түпнұсқада оқып, шетелдік орындаушылардың музыкасын тыңдап, аудармасыз фильмдер көріп, басқа ұлт өкілдерінің шығармашылығын түсінуге мүмкіндік мол.

Maklein ағылшын тілі мектебі 2016 жылдан бері жұмыс істейді, бүгінде қала бойынша 3 филиалы бар. Осы уақыт ішінде офлайн және онлайн форматта 7000-нан астам оқушы оқыды. Компанияның негізін қалаушы Мақпал Талғатқызы 2012 жылдан бастап тіл мектептерінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеп, репетиторлықпен айналқан ұстаз. 2016 жылы Мақпалдың қызметіне көңілі толып, ризашылық білдірген, сабағына жазылғысы келген клиенттер саны арта көбейе түсті. Студенттер көбейіп, улгеру қиындай бастағанда Макпал кеңсені жалға алып, алғашқы Maklein мектебін ашуға шешім қабылдады.

2021 жылы компания «Bereke Bank» АҚ арқылы 14,75%-бен несие алып, алғашқы ғимаратын сатып алды. Оның 8,75%-ын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша аясында «Даму» Қоры субсидияласа, қалған 6%-ын кәсіпкер төледі. Ал 2024 жылы «ForteBank»-тен алған қаражатына жеке үй-жай сатып алған кезде де «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 60 айға 21%-бен ресімделген несиенің субсидияланатын бөлігі 13%-құрады. Кәсіпкер қарызын 8%-бен төлейді.

Мектеп 7 жыл ішінде ағылшын тілін оқытудың өзіндік авторлық әдістемесін жасады. «IELTS SAT – нарықта өте сұранысқа ие өнім және Астана қаласында курстар өте аз. Бұл өнім авторлық бағдарлама сияқты сапалы, шетелдік тағылымдамадан өткен барлық оқытушылар ҚР, АҚШ, Англия және Канада жоғары оқу орындарының түлектері. Maklein ағылшын тілі мектебі алғашқы сабақтардан кейін өзінің тиімділігімен ерекшеленеді. Біздің студенттердің 80%-ы АҚШ, Англия, Австралия, Канада, Азия және Еуропаның жоғары оқу орындарына түседі, халықаралық емтихандарды сәтті тапсырады, рекордтық мерзімде ағылшын тілінде сұхбатқа дайындалады», - дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, Maklein тіл мектебінде ана тілі – ағылшын ұстаздар оқытады және IDP IELTS-тің ресми серіктесі

Телефон нөмірі: +7 (775) 138-98-40

Instagram: @maklein.kz

Сайт: https://maklein.kz/