Ұлытау өңірінің басты мәселелерінің бірі – тұрмыстық қатты қалдықтар шығару, контейнерлердің аздығы, габаритті емес қалдықтардың жиналып қалуы.
«Сәт Тазалық» ЖШС – 2011 жылы қыркүйекте құрылған кәсіпорын. Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы тұрғын үйлер мен жеке ұйымдардың аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтар шығарумен айналысады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 336-бабына сәйкес лицензия негізінде қызмет етеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау орындарынан жинау және шығару және оларды полигонға тасымалдау үшін экологиялық компания қоқыс таситын көліктер, эксковатор және кәріз көлігін сатып алуды ұйғарды. Осы мақсатта «Даму» қорының қолдауымен «Қазақстан Халық банкінен» несие алып, субсидия құралы бойынша қарыз мөлшерлемесін азайтты.
«Сәт Тазалық» ЖШС компаниясы ұсынатын жоба:
- «ECOBIN» көмілген контейнерлерді пайдалана отырып, коммуналдық қалдықтарды жинаудың инновациялық жүйесін енгізу;
- контейнер алаңдарын Eurogrid қоршауларымен жабдықтау;
- «Европресс» габаритті емес қалдықтарға арналған контейнерлермен қамтамасыз ету;
- Қолданыстағы қоқыс таситын көліктер паркін үлкен көлемдегі коммуналдық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған IVECO маркалы заманауи, жоғары тиімді жабдықтармен жаңартуды қамтиды.
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Сарыарқа көшесі, 86/2
E-mail: sattazalyk@mail.ru
+7 7106 33 70 44