menu
Жабу

Ақтөбелік кәсіпкер жыл бойы жидек өсіріп жатыр

Жаңалықтар
29.02.2024

Ақтөбе тұрғыны Рахат Көпжан 2018 жылы кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнес ашты. Алдымен нарықты сараптап, өңірде сұраныс бар салаларды қарастыра келіп жидек өсіруге тоқталды. Бұл шаруаның бар бар қыр-сыры зерттелді. «Мартөктің эко өнімдері» атты брендпен өнім шығаратын ферманың негізі осылай қаланды.

Қазір «Мартөктің эко өнімдері» Ақтөбе қаласында ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал. Мәртөк ауылында орналасқан фермада қарбыз, тәтті жүгері, таңқурай, құлпынай, қаражидек, көкжидек секілді жиектердің түр-түрі өсіріліп жатыр. Сатуға үлгермеген барлық өнімдер өңделіп, қыста тұтынушының дастарханына түседі. Сонымен қатар, құлпынай көшеттерін сатып, жаңа іс бастаған фермерлерге кеңес берумен де айналысады.

Компания мемлекеттен 26,5007 га жер учаскесін жалға алған. 2 трактор, соқа, кескіш, бүріккіш, қопсытқыш секілді жабдықтары бар.. Шаруашылықта әр маусымдағы көлеміне қарай 10-50 адам жұмыс істейді (арамшөп жұлу, көшет отырғызу, өнім жинау және басқа да жұмыстар). Былтыр 2 гектар жерге құлпынай, 1 гектар жерге таңқурай мен қарақат, 4 гектар жерге тәтті жүгері, 2 гектар жерге қарбыз-қауын отырғызылды. Жиналған егіннің көп бөлігін фермерлер тікелей егіс басынан сатады. Олардың өнімдерінің сапасын жақсы білетіндіктен, ондаған шақырым жерге дәмді, экологиялық таза өнім іздеген тұтынушылар арнайы келеді.

Қызанақ пен қызғалдақ өсіретін жылыжай салу мақсатында Рахат Көпжан «Даму» Қорының Ақтөбе филиалына қолдау сұрады. «Банк ЦентрКредиттен» несие алғанда Қор «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдап, қарыз жүгін жеңілдетіп берді.

Жыл сайын осы өнімдерге сұраныс артып келетіндіктен, компания жидектер сұрпын да арттыруды жоспарлап отыр.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы

Телефон: +7 (747) 324 01 97

Instagram: @martok_jidegi