menu
Жабу

Сапалы стильді автобұйымдар өндіруші

Жаңалықтар
01.03.2024

Сәкен Дайрабай бизнесі 2021 жылы автокөлікке арналған чехолдар мен кілемшелер, былғары сөмкелер тігуден бастады. Ол ашқан автоателье автокөлік салонын әрлеп, қайта реттеп берумен айналысады. Кәсіпкер автокөліктің салонын, рөлін, төбесін жаңарту үшін тұтынушыға сапалы материалдардың барлық түрін ұсына отырып, түсі мен дизайнын таңдауына көмектеседі.

Кәсіпкер кез келген көлік түріне арналған автоқаптамалар мен кілемшелердің барлық түрін жасайды. Оның айтуынша, осы саланы Қызылорда өңіріне ең алғаш алып келген кәсіпкердің бірі – өзі. Өндіріс жабдығы өңір бойынша жалғыз әрі ең үздік. Тұтынушы тапсырысты кез келген қаладан беріп, қысқа мерзім ішінде ала алады.

Кәсіпкер тек автокөлікке арналған бұйымдармен ғана шектеліп қоймай, жол сөмкелері мен костюмге арналған сөмкелерді ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен кестелеп өндіреді. Талғампаз тұтынушылар үшін атаулы жазбалар мен арнайы суреттер таңдау мүмкіндігі де қарастырылған.

Тоқыма бұйымдар өндіретін жабдықтар сатып алу үшін кәсіпкер «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидия және кепілдік құралын пайдалана отырып «Даму» Қорының қолдауымен «Банк Центр Кредиттен» жеңілдікпен қаржы алды.

Сәкен Дайрабайдың кәсібін отбасылық бизнес деп те атауға болады. Себебі бұл іске кәсіпкердің әпкесі мен жұбайы да үлес қосады. Тапсырыс үздіксіз түсетіндіктен жұмыс та үздіксіз жүріп тұр.

Қызылорда қаласы, Ж. Әбдірашев көшесі, 7 үй

тел: +7 778 314 69 96, +7 777 878 08 08

инстаграм: @avtochehol_kzo; @somkeall