info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Dental ART – Сіздің күлкіңіздің қамқоршысы

Жаңалықтар
23.02.2024

Ченемесов Ерке Нұрланұлының тіс емдеу саласында 12 жылдан артық тәжірибесі бар. Жұмыс барысында Ерке Нұрланұлы тұрақты емделушілердің үлкен шеңберін қалыптастырды.

2023 жылдың қазан айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ көмегімен кәсіпкер коммерциялық бөлме сатып алды. Мұнда стоматологиялық емхана «Dental ART» орналасты.

Клиниканың артықшылықтары: ыңғайлы жерде тұрғаны, әр пациентке жеке көңіл бөлу.

Қазір мұнда 16 жастан асқан ересектерге стоматологиялық қызметтің:

- емдік;

- хирургиялық;

- ортодонтиялық;

- ортопедиялық түрлерін ұсынады.

Компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы негізгі құралдарды сатып алуға «Даму» қоры «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында несие алды. Және де жетпеген кепілдік сомасына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерге қор кепілдігін ұсынды.

+7 747 777 60 90

ШҚО, Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 40-үй

Instagram: @dental__art40