Құрылыс қоспалары әртүрлі мақсаттағы нысандарды салуда кеңінен қолданылады.
Маңғыстау облысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндірумен Артемьева Наталья Олеговна атымен «Solo Production» ЖШС айналысады. Кәсіпкер өз қызметін 2021 жылдан бастап жүзеге асырады. Негізгі қызметі – құрылыс ерітінділерінің өндірісі.
Қоспалар өндіру жөніндегі қызметті кеңейту мақсатында кәсіпкер қаржыландыру үшін «Bereke Bank» АҚ-ға жүгінді.
Кредитке өтінім 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Даму» Қорының субсидияларын қолдана отырып мақұлданып, қажетті кредиттік қаражат алынды.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру келесі құрал-жабдықтарды алуға бағытталды: құмды кептіруге арналған кептіру кешені, цемент қоспасына арналған шағын зауыт, гипс қоспасына арналған шағын зауыт.
Жоба 11 атаудағы құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша қызметті құруды және ұйымдастыруды көздейді: плитка желімі, жылу оқшаулауға арналған желім, газоблокқа арналған желім, гипс сылағы, цемент сылағы, сәндік сылақ, әрлеу шпатлевкасы, гипс шпатлевкасы, цемент шпатлевкасы, праймер, толтырғыш еден.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өндірістік аймақ 1, 59/2
тел.: +7 (777) 362‒12‒74