Sun Vita – Қостанай облысындағы гериатрия орталығы. Егде жастағы адамдарды қарап, күту, өмір сүру сапасын жақсарту, қарт адамдар үшін тәулік бойы медициналық бақылау, қауіпсіз орта қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Мұндай медициналық орталық ашу үшін «Алина плюс» ЖШС негізін қалаған Ирина Сәдуақасова жалпы ауданы 660,1 ш. м. үй-жай сатып алуға банктен несие алып, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы бойынша «Даму» Қорынан қолдау алды.
Жасыратыны жоқ, егде адамдар көбінесе жалғыз қалады. Кейде жақын туыс, балалары күні-түні толыққанды, сапалы, күтім, бақылау, қамқорлықты қамтамасыз ете алмайтын жағдайлар болады.
Гериатриялық орталықта тек медициналық көмек қана емес, күтім де жасалады. Үйдегідей жайлылықты сақтай отырып, әр пациентке өз замандастарының ортасында болуға, белсенді әлеуметтік өмір сақтауға ықпал ететін іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Физикалық және психикалық белсенділікті сақтауға, сондай-ақ танымдық дағдыларды дамытуға ықпал ететін іс-шаралар мен ойын-сауық шараларына көп көңіл бөлінеді. Егде жастағы клиенттерге кәсіби күтім мен қадағалауға ерекше орын беріліп, дәрігерлерді, медбикелерді, қарттарға күтім жасауға маманданған санитарларды қоса алғанда, жоғары білікті медициналық персонал, әр пациенттің медициналық тарихынан үзінді көшірме негізінде тәулік бойы бақылау, күтім және медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы орта қамтамасыз етіледі. Әрбір қонақ жеке назар мен кәсіби қамқорлықта болады.
Орталықта психологтың кеңесі, пациенттің әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, психикалық денсаулықты жақсартуға және операциядан кейін туындауы мүмкін эмоционалдық қиындықтарды жеңуге көмектесуге бағытталған кеңестер мен тренингтер, сондай-ақ қажет болған жағдайда туыстарына кеңес беріледі және пациенттердің туыстарына психологиялық қолдау көрсетіледі. Жатып қалған науқас ерекше назар аударуды қажет етеді. Орталықтың артықшылығы, бұл жағдайда мамандар әрдайым көмектесе алады және білікті қолдау көрсетеді.
Қазір Sun Vita гериатрия орталығында 2 корпус бар, онда деменция, Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы бар, инсульттан, инфаркттан кейін, жамбас мойны сынған және жатқан науқастарды жүйелі бақылау, басқару және медициналық қолдау көрсетіледі. Жатып қалған науқастар үшін арнайы матрацтары бар функционал кереуеттер, тамақтандыру үстелдері, жаяу жүру кезінде таяқ, арбалар қарастырылған. Гериатриялық орталықта осы жас санатындағы пациенттердің ерекшеліктерін ескере отырып, егде жастағы адамдарға көмектесуге дайындалған жоғары білікті қызметкерлер құрамы жұмыс істейді. Сондай-ақ пациенттерге: тұз үңгірі, сумен емдеу, физиотерапия және массаж жасалады. Медициналық сүйемелден басқа, орталықта гигиеналық күтім тұрақты негізде жүргізіледі. Бөлмелерді жинау, төсек-орындарды апта сайын ауыстыру, шомылдыру, іш киімді күнделікті ауыстыру, жатып қалған науқастар үшін күніне кемінде 4 рет жаялық ауыстыру, косметикалық рәсімдер де (шаш қию, маникюр, педикюр және т. б.) бар. Медициналық қызметке мемлекеттік лицензия алынған.
«Алина плюс» ЖШС субсидиялау және кепілдік беру құралы аясында «Даму» Қорының қолдауын бірнеше рет пайдаланғаг. Бұған дейін компания мектепке дейінгі білім беру қызметтері саласындағы қызметті кеңейтуге қолдау алған болатын. Қазір үш балабақша жұмыс істеп тұр. онда 300 бала оқиды. Балабақшалардың біріне арналған үй-жай «Даму» Қоры жүзеге асыратын «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алынды.
Сондай-ақ, компания әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде тұрғандықтан «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылдың сәуір айында гериатрия орталығының пациенттерін тасымалдау үшін шағын автобус сатып алып, несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялағанын атап өтккен жөн.
Гериатрия орталығын құру идеясы бірден пайда болған жоқ». Орталық бастапқыда 2017 жылы жалдамалы үй-жайда «Sun Vita» медициналық орталығы ретінде ашылды. Бірақ бір күні жеке күтім мен тәулік бойы медициналық көмекке мұқтаж деменция диагнозы қойылған егде жастағы науқасты қабылдағаннан кейін біз мұндай орындар керек екенін түсіндік. Тәулік бойы күтімді қажет ететіндер біртіндеп көбейе бастады және біздің орталық инклюзивті, ерекше екенін түсіндік. Біз өте күрделі ауруы бар қарт адамдарға күтім жасауға көмектесеміз. Олар біздің орталықта тәулік бойы бола алады, өйткені біздің орталықта бұл үшін бізде медицина қызметкерлерінің, қамқоршылардың тәулік бойғы бекетінен бастап барлық жағдай жасалған, кір жуатын орын, аспаздар, ас үй жұмысшылары бар, олар адамдарды тамақтандыруға көмек көрсетеді, біз қонақтарымызға сапалы өмір қамтамасыз етеміз. Осылайша бізге әдеттегі медициналық орталықтан гериатриялық орталыққа айналдық», – дейді Ирина Викторовна.
Бізді қарттар үйімен немесе мүгедектер үйімен шатастырудың қажеті жоқ, өйткені айырмашылық зор. Қарттар үйі – қарт адамдарға өмір сүру қызметтерін көрсете отырып, тұрақты тұратын орын ұсынатын ұйым. Гериатрия орталығы – егде жастағы адамдарға арналған медициналық бағыттағы мекеме және онда тұратын адамдар медициналық, тәулік бойы бақылауда болады. Білікті қызметкерлер, жеке көзқарас, бос уақытты ұйымдастыру және жайлы орта бар. Орталықта сондай-ақ олардың физикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар мен егде жастағы адамдарға арналған сабақтар өткізіледі. Мұнда сіздің туыстарыңыз шынымен жақсы уақыт өткізеді. Біздің гериатриялық орталық жай ғана орын емес, бұл күтім мен үйдегі жылудың үйлесімі, - дейді орталық басшысы.
Қазақстан бойынша мұндай орталықтар тек үшеу және оның бірі Қостанай облысында.
Қостанай қаласы.
Тел: +7 (705) 667 66 77
@sun_vita_kostanay