info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тазалық пен жайлылықтың атрибуттары

Жаңалықтар
07.03.2024

«Lux-Қағаз» ЖК 2013 жылдан бастап кәсіби бағыттағы қағаз өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Бастапқыда өндіріске арналған үй-жай жалға алынып, өндірісте бірнеше ғана станок болған. Жыл сайын кеңейіп, жаңа станоктар сатып алына бастады. 2014 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар кенті, 220 учаскесіндегі үлкен алаңға көшу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні компания «MUREX» маркасымен кәсіби қағаз өнімінің (HORECA) барлық түрін шығарады. Өнімді бүкіл Қазақстан бойынша дистрибьюторлар арқылы сатады.

Қағаз салфеткалар, дәретхана қағаздары, қағаз сүлгілер – бөлшек сауда, азық-түлік желілері, қоғамдық тамақтандыру орындары және үй шаруашылында ең танымал және сұранысқа ие гигиеналық өнімдердің бірі.

Бүгінде қағаз майлықтар жолда, үйде немесе табиғат аясына шыққанда таптырмас дүние. Көп орын алмайды, салмағы жоқ. Қағаз салфеткалар тазалықты сақтауға және кез келген жағдайды неғұрлым жайлы етуге көмектеседі.

2022 жылы компания айналым қаражатын толықтыруға, атап айтқанда шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті кеңейтуге несие алып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қорының субсидиясын есебінен пайыздық мөлшерлемесін азайтып алды.

Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылы, 220 жер телімі

Тел.: 8 (727) 304 32 79, 8 707 114 35 87

Пошта: royalyul9502@mail.ru, umbetov87@mail.ru

Сайт: kds-almaty.kz   murex.kz