«Компания Строй Индустрия» ЖШС құрылыс саласында 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2016 жылдан бастап директоры Ахман Самат Қанатұлының басшылығымен денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй, мәдениет салаларындағы нысандарда құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жалпы елдің бүкіл аумағында құрылыс саласының дамуына үлес қосып келеді. Серіктестік жүздеген ғимарат салды. Компанияның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бірінші санатты лицензиясы бар.
Қазір «Компания Строй Индустрия» ЖШС бизнестің жаңа бағыты – керамика кірпіш өндірісін дамытуда.
Керамика кірпіш –кірпіштің силикат түрімен қатар екі негізгі түрінің бірі. Кірпіш әртүрлі қоспаларды қолдану арқылы саздан қалыпталып, күйдіріледі. Керамика кірпіштің бірнеше түрі бар: құрылысқа (қарапайым, тұтас), қуыс, қаптама (қасбет).
Керамика кірпіш құрылыста: іргетас қалау, жүк көтергіш қабырғалар мен ішкі қалқаларды тұрғызу, пештер мен каминдерді төсеу, ғимараттарды қаптау және ішкі безендіру секілді барлық жерде қолданылады. Ашық отқа жақын бөліктер үшін шамот (отқа төзімді) кірпіш қажет, ал әрлеу үшін «камин» кірпіші бар. Жолдарға клинкер кірпіші төселген. Кірпіш өндіру процесі өте күрделі және әр сұрып арнайы технологияларды қолдану арқылы әртүрлі материалдардан жасалған.
Керамика кірпіш шығаратын зауыт Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Қосқұдық станциясында орналасқан. Зауыт 2007 жылдан бері жұмыс істейді және тұтынушыларға жақсы таныс. Зауыт герман технологиясы бойынша түрік жабдықтарын пайдалана отырып, керамика блоктар сияқты өте заманауи құрылыс материалдарын шығаруға маманданған.
2022 жылы компания «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында «Даму» Қорының субсидиясын пайдалана отырып, «First Heartland Jusan Bank» АҚ-тан жеңіл несие алды.
Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Қосқұдық станциясы
Тел. 8-777-255-76-70
Пошта: akhmans79@mail.ru
Сайт: stroykompany.kz
Инстаграм: @stroi_industriia