Бәсекеге қабілетті етіп металл құю өндірісін ашып, дамытуды көздеген бір топ пікірлестер «СНН» фирмасын 1998 жылы құрды. Бұл іске бар ынта-жігерін салып, қолда бар ресурстарын барынша пайдаланып, экономика мен нарық тенденцияларын зерттеудің арқасында «СНН» компаниясы серпінді дамып, қалыптасты. Қазір «СНН» фирмасы тұтынушылар мен серіктестер алдында беделді, кәсіпқойлар жиналған ұжымы бар, шығарылатын өнімдерінің түрі алуан кәсіпорын.
Компания өндірістің барлық сатысында сапаны кезең-кезеңмен бақылап, кәсіпорынға түсетін барлық материалды жіті тексереді.
Өндіруші сапа сертификаттарын бере отырып, өнімнің сапа сипаттамаларын растайды. «СНН» фирмасы ЖШС орталық зертханасы барлық қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда құрамында: механикалық сынау және химиялық талдау зертханасы, балқыту кезінде металдардың химиялық құрамын жедел анықтауға арналған зертхана, қалыптау қоспаларын талдауға арналған зертхана бар.
2017 жылы «СНН» фирмасы биметалдан тұрмыстық жылыту радиаторларын өндіру үшін «Forte Bank»-тен «Frech» маркалы неміс технологиялық желісін сатып алуға несие алды.
«Биметалдан жылыту радиаторларын өндіру жобасы 2022 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Германиядан әкелінген робот қондырғы жылына 250-300 мың секцияны жинай алады. Ал күніне 700-ден астам секция жасайды. Бірақ бұл машинаның мүмкіндіктері бұдан әлдеқайда жоғары», - дейді Ілияс Мырзатаев.
Инженердің айтуынша, батарея өндірісіне көп адам қажет емес. Қондырғыға қызмет көрсететін екі адам ғана жеткілікті. Олар – машинаны іске қосып, металды пешке салатын оператор мен дайын бөлімдерді сыртқа шығарып отыратын оператор.
Өнімнің сапасы бағаға сәйкес келеді, яғни өндіріс орнында бірінші кезекте сапаға ерекше назар аударылады. Кәсіпкер өнімді сырлау және механикалық өңдеу бойынша автомат желі сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл жылына миллион бөлікті алюминий радиаторын шығаруға мүмкіндік береді.
Павлодар қаласы, Промышленная Зона Северная көшесі, 4/3 қ.н
+7 775 489 25 07