info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында «Belissimo» жаңа химиялық тазарту орны ашылды

Жаңалықтар
13.03.2024

Жеке кәсіпкер Сыздықбаева Шолпан Ұзақбайқызы 2007 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. Ал 2016 жылдан бастап Тараз қаласындағы екі жердегі «Belissimo» атты химиялық тазалау және кір жуу орнында халыққа қызмет ұсынып келеді. Италияда жасалған химиямен тазалайтын өндіріс жабдықтарын кәсіпкер өз қаражатына сатып алды. Химиялық тазалау қызметтерін көп жылдар бойы сапалы ұсынғандықтан, клиенттер саны артып, кәсіпкер Тараз қаласында химиялық тазалау орнының үшінші филиалын ашуға шешім қабылдады. Қазір «Belissimo» құрғақ тазалау желісінің тағы бір жаңа филиалы жұмыс істеп тұр.

Бұл бизнес идеясын жүзеге асыру үшін Шолпан Ұзақбайқызы «Даму» Корының Жамбыл филиалына жүгініп, егжей-тегжейлі кеңес алды. Одан кейін химиялық тазалау орнына үй-жай мен жабдықтар сатып алу үшін «First Heartland Jusan Bank»-тен несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор кепілдік ұсынып, ай сайынғы төлемді төмендетуге мүмкіндік берген субсидия ұсынды.

Енді Тараз қаласының тұрғындары Абай көшесі, 192 В мекенжайы бойынша жаңа филиалда сапалы химиялық тазалау қызметтеріне жүгіне алады.

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 192 В

Instagram: @bellissimo_best_taraz

Тел: +7-705-288-87-07