Қазір республикада жол бойындағы сервис бизнесінде 1859 нысан жұмыс істейді. Олар негізінен ЖМҚС, сауда және тамақтандыру орындары. Биыл жыл соңына дейін ұлттық стандартқа сәйкес келетін объектілер санын 818-ге жеткізу жоспарлануда. Қазір бұл көрсеткіш 804 (43%).
«Әлихан ойл 3» ЖШС 2004 жылдан бері құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысты. Бизнестегі 19 жылдық тәжірибені пайдалана отырып, Ақтөбе-Атырау тас жолының бойынан сервис кешенін салуға несие алуға бел буды.
Жол бойында қызмет көрсететін ғимараттар салу жоспарланды. Атап айтқанда:
· 40 бөлмелі қонақ үй кешені;
· жазғы террасасы бар 50 орындық асхана;
· жанармай құю станциясы;
· күзетілетін түнгі автотұрақ;
· дүкен;
· монша;
· автомокөлікке қызмет көрсету орны.
Қазір асхана салынды және қонақ үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
Компания негізгі тұтынушылары – транзит көлік жүргізушілері, біздің және көрші облыстардың тұрғындары. Таяу болашақта Қазақстанға туристер тарту және туристік бизнесті дамыту жоспарлануда. Компания да осы жобаға қатысуға дайын. Қызмет көрсету үшін компания жаңа заманауи, тартымды ғимараттар салмақ.
Жобаны бастау үшін кәсіпкер «Даму» Қорының Ақтөбе филиалынан қолдау сұрады. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банк» АҚ берген несие бойынша мөлшерлеме 21,75%-ды құрады. Оның ішінде кәсіпкер 7%-ын төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.
«Болашақта қызмет көрсету сапасын жоғары, бағасын аса қымбат етпеудің арқасында нарықты жаулап алуды көздеп отырмыз»,-дейді компания басшысы.
Мекенжайы: Ақтөбе-Атырау тас жолы, Қызылжар ш/а., Шұбарқұдық кенті
+7 (705) 838 18 88