menu
Жабу

Теңіз дәмі

Жаңалықтар
15.03.2024

Арал теңізінде балық аулау өнеркәсіптік ауқымда жүргізіледі. Мұндағы балық аулау судың тартылуы мен теңіздің құрғауына байланысты азайды. Арал теңізінің деңгейі көтерілгенде өмір қайта жанданды, жергілікті балықшылар үшін де, жергілікті балық зауыттары үшін де көптен күткен жұмыс пайда болды.

ЖК «Избасаров» 2021 жылдан бастап Қосжар ауылында Арал теңізінде балық аулаумен айналысады. Осындай қысқа мерзімде кәсіпкер клиентт жинап үлгерді. Өйткені көксерке, шортан, қарақұйрық, вобла, көкбауыр және т.б. балықтар жергілікті сатып алушылар арасында да, облыстың басқа аймақтарында да сұранысқа ие. Компанияның басты міндеттерінің бірі – жаңа ауланған балықты сауда орындарына мүмкіндігінше тезірек жеткізу.

Жылдам әрі сенімді тасымалдау үшін кәсіпкерге көлік қажет болды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Банк Центр Кредиттен» несие алғанда субсидия және кепілдік түрінде «Даму» Қорының қолдауын алды.

Қызылорда облысы, Қосжар ауылы

+7 (702) 154 62 32