info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өскемен қаласында қоғамдық көліктер жаңартылды

Жаңалықтар
15.03.2024

«Vosca» ЖШС автобус паркі 2002 жылдың қыркүйек айында құрылған. Компанияда жолушылар көлігі кәсіпорнындағы тәжірибесі мол 194 қызметкер жұмыс істейді. Автотұрақта 90 автобус бар, соның ішінде 86 автобус күнделікті желіде қызмет етеді, 4 автобус техникалық қызметте.   

«Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен 10 дана техника сатып алынды. 12 метрлік жартылай төмен еденді көліктер стандартты орындықтардан басқа, мүгедектерге арналған арнайы орындықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, автобустарда қажет болған жағдайда жылдам орнатылатын немесе алынатын пандустар бар. Yutong маркалы автобустарда 90 жолаушыға арналған орын бар, соның ішінде 32-сі орындықты.

Компания «First Heartland Jusan Bank» АҚ арқылы автобустарды сатып алуға «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында несие алды. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен кәсіпкер үшін жылдық пайыздық мөлшерлеме 9%-ға дейін төмендетілді.

+7 7232 531 846

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Авроры көшесі, 181А

e-mail: too_vosca@mail.ru