info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Алматылық «AXIMA KZ» ЖШС «Даму» Қорының қолдауын алды

Жаңалықтар
15.03.2024

«AXIMA KZ» – құрылыс материалдарын шығаратын қазақстандық зауыт.

2005 жылдан бастап «AXIMA KZ» компаниясы Қазақстан мен ТМД нарығында электр жабдықтары, автоматика жүйелері, өнеркәсіп және жеке объектілерге арналған тарату шкафтарын өндіріп келеді.

Кәсіпорында қажетті өндірістік база, техникалық ресурстар, сонымен қатар үздіксіз оқудан өтіп жатқан жоғары білікті мамандар командасы бар.

«Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы тауар ассортиментін кеңейтуге «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес 21,75%-дың 13,75%-ын Қор субсидиялайды. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен қатар, компания «Даму» қорының кепілзаттың жоқтығынан кепілдігін пайдаланды. Қарыз қаражаты құрылыс материалдарын өндіру үшін шикізат сатып алуға жұмсалады.

«AXIMA KZ» ЖШС қала экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Почта: sales@axima.kz

Алматы қаласы, Рысқұлов даңғылы, 232/2

+7 (727) 356-52-91