Атырау қаласында мемлекеттің қолдауымен жаңа «Арнау» қонақ үй кешені ашылды

Жаңалықтар
18.03.2024

Ғабитова Ақмарал Алматы шет тілдер институтын бітірген соң еңбек жолын «Теңізшевройл» ЖШС қарасты ірі мұнай компанияларының бірінде үйлестіруші-аудармашы болып бастаған.

«Америка құрама штаттары, Норвегияның қалаларына барып, клиника ашу бойынша ірі жобаларға қатысу маған тәжірибе жинап, болашақта қонақ үй бизнесі саласында өз бизнесімді бастауға түрткі болды»,-дейді кәсіпкер.

Қонақ үй кешенінің құрылысы аяқталар тұста «Ғабитова» ЖК жобасын «Қазақстан Халық банкі» АҚ банкі қолдап 21,0%-бен несие берді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Қор оның 12,75%-ын субсидиялады, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

Бүгінгі күні «Арнау» қонақ үй кешенінде спа, массаж, тұз бөлмесі, бассейн, бильярд бөлмесі мен жаттығу залы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, тамақтану орындары, түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін, конференц-зал да бар. Болашақта компания көрсетілетін қызметтер сервисін жақсартуға және дамытуға ниетті.

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Северная промзона көшесі 16,

Instagram: @arnau_complex_atyrau

Телефон: +7 702 303 03 87