menu
Жабу

Еңбек нарығындағы жергілікті «сәнгерлер»

Жаңалықтар
18.03.2024

Оралдық ЖК «Кенжеғалиева Н.А» 2019 жылдан бастап арнайы киім өндіріп, «Нұртана» сауда белгісімен сатып келеді. Кәсіпорын жұмысқа киетін арнайы киім мен аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарын шығарады, компанияларға жеткізіп береді.

Сауда интернет-дүкен арқылы, сондай-ақ тұтынушылардың тапсырысы бойынша жүзеге асады. Арнайы киім негізінен Батыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін тігіледі. Кәсіпорынның тағы бір бағыты – әр түрлі тоқыма емес материалдардан бір реттік арнайы киім шығару. Өнімдер жоғары технологиялық жабдықта, тұрақты сапа бақылауымен шығады. Кәсіпорын тұтынушының тапсырысы бойынша материалдар түрін, маусымдығын, мөлшерін, түс шешімдерін ескере отырып, жеке жобалар бойынша өнім шығарады. Қолда бар әртүрлі жоғары технологиялық жабдықтар бұған мүмкіндік береді.

Өндіріс қуатын арттыру мақсатында кәсіпорын ателье мен цех үшін коммерциялық ғимарат сатып алу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға жүгінді және банк «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қарызды мақұлдады. «Даму» Қорының қолдауымен кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлеме жылына 7%-ға дейін төмендетілді.

Бұл бизнесті одан әрі дамытуға күшті серпін берді.

БҚО, Орал қаласы, Темір Масин көшесі 97

Тел.+7 776 921 90 83