Ләззат Масалимова – табысты кондитер. Оның бұл кәсіптегі алғашқы қадамы туыстарына тәттілер пісіруден басталған. Үй шаруасындағы Ләззат торт, печеньені өте дәмді етіп жасайтын.
Туған-туыстары мен дос жарандары әртүрлі іс-шараларына жиі тапсырыс бере бастаған кезде ол instagram парақша ашып, үйде отырып консерванттар мен қоспаларсыз табиғи өнімдерден жасалған кондитерлік өнімдер пісіріп сата бастады. Алғашқы кезде өзі пісіріп, өзі сатып, жеткізіп беріп жүрді. Осы уақыт ішінде Ләззат өнімдерін жұрттың бәрі біліп алды. Сұраныс артты. Кәсіпкер енді дайын өнімді өткізетін пункті бар кондитерлік цех ашуға бел буды.
«Банк ЦентрКредиттен» инвестиция үшін несие алғанда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» Қоры субсидия мен кепілдік беріп қолдады.
Кондитерлік цех қаланың шағын аудандарының бірінде орналасқан. Мұнда келушілер әрқашан жаңа піскен және дәмді кондитерлік өнімдерді сатып ала алады.
Инстаграмм: @Nauat_tdk
+7 701 757 15 25
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жетісу ш/а, 33/1