Ақсулық кәсіпкер «Даму» Қорының қолдауымен көлік жуу орнын ашты

Жаңалықтар
20.03.2024

Автокөлік жуу – қалалы жерде сұраныс мол әрі қарқынды дамып келе жатқан бизнес түрлерінің бірі. Көлік саны күннен күнге өсіп келе жатқандықтан, бұл қызметке де сұраныс ұсыныстан асып түседі. Маусым кезінде мұндай кешендердегі кезек ұзын сонар. Қазір бұл бизнесті дамытудың негізгі үш стратегиясы бар.

Қолмен жуу – қызметтің бүгінгі күнге дейін кең таралған түрі. Өйткені тұтынушылардың басым көпшілігі жеңіл көлік жүргізушілері болғандықтан, аз уақыт пен ресурс қажет. Мұндай жерлерде жабдық түрі, қызметкерлердің самдағайлығы мен бокстар санына қарай көлікті жуу жылдамдығы да әр түрлі болады. Яғни, бір мезетте бірнеше көлік жуатын кешенде табыс да көп болары түсінікті.

Кәсіпкер Наргиз Ормушева 2023 жылдан бастап Павлодар облысының Ақсу қаласында жеңіл автокөлік жуу бойынша қызмет көрсетіп келеді.

Өз мақсаты мен арманын жүзеге асыру үшін ол «Bank RBK» АҚ арқылы 21%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның сегіз пайызын кәсіпкер төлейді, айырмасы – мемлекеттік субсидия. «Даму» қоры кепілдік те берді.

Жуатын орында автомобильге күтім жасау сапасына көп нәрсе байланысты. Бұл бәсекелестердің алдындағы басты артықшылықтарының бірі болуы керек. Автокөлік жуу орны пайда түсіруі үшін қуатты жарнама, білікті қызметкерлер, сапалы жабдықтар болуы керек.

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі 21А 42

+7 7760003030