info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«WEC Trade» ЖШС – тұрмыстық химия өндірісіндегі революция

Жаңалықтар
20.03.2024

«WEC Trade» ЖШС – тұрмыстық химия өндіретін отандық жетекші компаниялардың бірі. Оның көптеген табысты брендтері бар және жуғыш заттар мен киімге күтім жасаудан бастап косметикалық және гигиеналық өнімдерге дейінгі өнімдердің кең ассортиментін ұсынады.

Тұрмыстық химия өндірісі жоғары тиімділікті және қауіпсіздіктің қатаң стандарттарын сақтауды талап етеді, ал «WEC Trade» ЖШС өз өнімдерінің сапасына кепілдік береді.

Компанияның табысының бір сыры – өндірістегі технологиялар мен инновациялық шешімдерді үнемі жаңартып отыру. Әсіресе нарықтың заманауи талаптарына төтеп беретін өнім шығару үшін зерттеулер мен әзірлемелерге инвестиция салады. Олар жоғары тиімді, ортаға минимал әсері бар және қауіпсіз формулаларды жасауға тырысады.

Тұрақты даму қағидасын ұстанатын «WEC Trade» ЖШС өндіріске экологиялық шараларды белсенді енгізуде. Олар суды, энергияны және ресурстарды тұтынуды және атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайту үшін инновациялық тәжірибелерді пайдаланады. Сондай-ақ, компания өз тауарларының қаптамасын тұрақты және қайта өңделетін етіп жақсарту үшін жұмыс істейді.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың аясында компания 2023 жылы «Нұрбанктен» тұрмыстық химия өндірісі үшін несие алған кезде кепілдік жеткіліксіз болғандықтан «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды.

«WEC Trade» ЖШС басты басымдықтарының бірі – тұтынушылардың қауіпсіздігі. Олар өз өнімдерін адам денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндірмейтін ету ету үшін халықаралық қауіпсіздік нормалары мен стандарттарын қатаң сақтайды. Тауарлардың әр партиясы тұтынушыларға сенімді түрде ұсыну үшін мұқият бақылаудан өтеді.

Қарағанды қ., Қазыбек Би ауданы, Театр көшесі, 26

Көтерме дүкен: Балқантау көшесі, 46/2

Тел: +7 (747) 846-92-75, +7 (700) 123-30-10