Бектаев Сайда Ғайбуллаұлы бизнеспен ерте жастан айналысты. Мектепте оқып жүргенде-ақ саудаға икемі болды. Көбінесе зат, бұйым сатып алып, үстеме бағамен қайта сатып пайда көретін. Мектеп бітіргеннен кейін сауда саласында жұмыс істеді. Зат сатты, жиһаз сатты. 2015 жылы ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзінің жиһаз дүкенін ашты. ЖК «Бектаев» бірнеше сауда брендтерінің диллері болып, Қазақстанға Ресей, Беларуссиядан жиһаз жеткізіп тұрды.
«Пандемия кезінде шекаралар жабылып, шетелден жиһаз жеткізу тоқтады. Сол кезде жиһаз өндірісін, атап айтқанда орындық жасауды өзім қолға алдым. Менің қоймамда 40 тонналық контейнер болды. Біз онда бірнеше станок қойып, әртүрлі орындықтар жасауға тырыстық. Бірден нәтиже шықпады. Бірнеше түрлі модель жасап, өндіріс баяу жолға түсіп, каспи дүкен арқылы сата бастадық», - дейді Сайда Ғайбуллаұлы.
Тауарды жеткізу үшін автокөлік қажет болған кезде ЖК «Бектаев» «First Heartland Jusan Bank»-тен несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қоры оның сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпкер несиенің 8 пайызын ғана төлеп отыр.
«4 жыл ішінде біз өндірісті кеңейттік. Қазір айына 2-3 мың орындық шығарамыз. Сонымен қатар үстелдер де жасаймыз. Бәсекелестіктен қорықпаймыз, орындықтарды сапалы, әртүрлі модельдермен жасаймыз. Біздің бизнестегі басты мәселе – жұмыс күшінің жетіспеушілігі. Шеберлерді шетелде де іздеуіміз керек. Менің ойымша, кез келген адам бизнеспен айналыса алады, ең бастысы ұйымдастырушы болу, қолайлы кадрларды іздеу, жұмысшылар арасында жүктемені бөле білу, еңбек жағдайларын жасау» - дейді С. Бектаев.
Көкшетау қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 52
+7 7012315571
Инстаграмм:@mirstolovistuliya