info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Маңғыстауда темір-бетон және бетон бұйымдарын өндіретін компания қолдау алды

Жаңалықтар
19.03.2024

Ақтау мен Маңғыстау облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Сондықтан сапалы тауар бетон қазір нарықтағы ең маңызды және сұранысқа ие құрылыс материалдарының бірі саналады.

«Алихан-Маңғыстау» – Маңғыстау облысында бетон өндіретін компания. Негізгі қызметі – темір жолдар мен метро салу, сондай-ақ құрама темір-бетон және бетон бұйымдарын өндіру. Клиенттеріне тауар бетон мен құрылыс блоктарының барлық түрлерін ұсынады.

Темірбетон және бетон бұйымдарына үлкен сұранысты ескере отырып, компания жабдық сатып алу мақсатында «Forte Bank» АҚ-ға қаржыландыру үшін жүгінді. Банк несиені мақұлдады және «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиені ішінара субсидиялады.

Қазір кәсіпорын темір-бетон және бетон бұйымдарының барлық түрін шығара алады бар. Өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді, тек жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындар да тапсырыс береді.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, «МКДСМ» АҚ ғимараты.

Тел.: +7 (771) 218 80 59