info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында «Sapphire» атты жаңа қонақ үй ашылды

Жаңалықтар
28.02.2024

Тараз қаласында жаңа «Sapphire» қонақ үйі ашылды. Қонақ үйді салған «MDT Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылы тіркелген. Адам аяғы көп жүретін көше бойындағы жер учаскесін сатып алып құрылысын бастаған кәсіпкерге құрылысты аяқтау үшін несие қаражаты қажет болды.

Осы мақсатта кәсіпкер кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалына жүгінді. Қажетті ақпаратты алғаннан кейін «First Heartland Jusan Bank» арқылы несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қордың кепілдігі беріліп, ішінара субсидияланды. Соның арқасында компания несиені жылына 8%-бен төлейді.

Қазір компания қолайлы жабдықталған 14 бөлмеден тұратын «Sapphire» қонақ үй кешенін ашты.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ташкент көшесі №263

Тел. +7-705-774-72-34

Instagram: @_sapphir_hotel