menu
Жабу

Экологиялық таза орам шығаратын компания

Жаңалықтар
26.03.2024

Food packaging KZ – өндіріс технологиясы және табиғатқа ұқыпты қарау саласындағы жаңа әлемдік үрдістерге сай келетін, «Green Field» қағидаты бойынша салынған қағазбен азық – түлік орайтын заманауи зауыты. Бұған FSSC және FSC/pefc сертификаттары дәлел

Компания бір реттік, бір қабатты ыстық және салқын сусын стакандарының барлық түрін, сондай-ақ салат контейнерлерін салыстырмалы түрде нарық бағасымен ұсына алады. Бірақ сапасы жақсы. Болашақта қағаз пакеттер мен екі қабатты стакандар шығару жоспарда бар.

Компания FSC/PEFC стандартымен сертификатталған шикізатты қолдана отырып, суда еритін бояулармен басып шығарады. Регенерацияланатын электр энергиясын пайдалана отырып, толығымен қалдықсыз өндіріс құрған.

Әлемдік деңгейдегі экологиялық азық-түлік қаптамасын шығаратын жергілікті өндіріс ашу үшін компания «Қазақстан Халық Банкінен» «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңіл қаржы алды.

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, сұлтан Бейбарыс көшесі, 38а

Тел: +7 (701) 058 51 15

Сайт: foodpackaging.kz

Инстаграм: @foodpackaging.kz