menu
Жабу

«Perizat Tattileri» кондитерлік өнімдері

Жаңалықтар
26.03.2024

Перизат Қанатқызы бала күтімі бойынша демалыста отырғанда кондитерлік өнімдерді пісірумен айналыса бастады. Дәмді торттар, бәліш, бөрек секілді тағамдар көрші-қолаң, дос-жарандары мен таныстарының арасында тез таралып, сұраныс көбейе бастады. Қысқа уақыт ішінде клиенттер жинап, өнім ассортиментін арттырды. Бизнестің осы саласының барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін есептей келе жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнес бастауға бел буды.

Сүйікті іспен айналысу сенімді команда жинауға, Атырау қаласы бойынша бірден бірнеше сауда нүктелерін ашуға және дүкені бар өндірістік цех сатып алуға мүмкіндік берді.

Осы мақсаттағы «Раяна» ЖК жобасын «Forte Bank» қолдап, 21,0%-бен несие берді. Оның мемлекет субсидиялайтын бөлігі 13%-ды құрады, ал айырмашылықты кәсіпкер төлейді.

Бірнеше жыл бойы «Perizat Tattileri» кондитерлік өнімдер желісі өзін адал жеткізуші ретінде танытты. Қазір компания кондитерлік өнімдер, наубайхана және торттар дайындаумен айналысады.

Компания Атырау қаласының барлық сауда нүктелеріне дайын өнім тасымалдайды және қызмет көрсету сапасын жақсартып келеді.

Атырау қ. Жарбосынов көшесі, 83 Б,

1мкр-Самал А. Кәрімов көшесі,

Тел: 7 778-2000-994

Instagram: perizat_tattiler