menu
Жабу

Фермадан дастарханға дейінгі сүт өнімдері

Жаңалықтар
29.03.2024

«Моя ферма» компаниясы сүт, айран, май, қаймақ, йогурт, сүзбе сияқты көптеген экологиялық таза және сапалы өнімдер шығарады.

Кәсіпорын басшысы Қуаныш Найман бизнеске басқа саладан келген. 2007 жылы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының заң институтын бітіріп, құқық қорғау органдарында 16 жылдан астам жұмыс істеді. 2019 жылы Қуаныш жұбайы екеуі бірлесіп құс шаруашылығымен айналысуды ұйғарды. Бұл олардың бизнестегі алғашқы қадамы болатын. Толық іске асыру үшін инкубаторлар, инкубациялық жұмыртқалар және т.б қажеттінің бәрін сатып алды. 100 жұмыртқадан басталған бизнес дамып саны 2000-ға дейін өсті. Қуаныш пен жұбайы кейіннен сүт өнімдері өндірісі бағытына бет бұрды. Анасы мен інісінің мамандығы сүт өндірісінің технологы болғаны зор көмек болды. Соның арқасында цех іске қосылды. «Моя ферма» өндірісті 50-100 литр сүттен бастады. Кейін тәулігіне 1,5 тоннаға дейін сүт шығара бастады.

«Біз өз өнімдерімізді шығара бастаған кезде, ешкім бұл брендті білмейтін. Бастапқыда сату қиын болды, жұмыс істеуге дайын дүкендер табу да оңай болмады. Коронавирус пандемиясында қала жабылды. Ал біздің ферма қала маңында болғандықтан, осы уақытқа дейін бізбен ынтымақтасқысы келмейтін көптеген дүкендерден өнім жеткізіп беру туралы ұсыныстар түсе бастады. Осылайша, біз өзімізді жақсы жеткізуші екенімізді көрсеттіп, кәсіпорын нарықты жаулай бастады. Минимаркеттер мен супермаркеттерден бастап, Small және Magnum сияқты ірі дүкендерге дейін жеттік. Көптеген ұйымдар үшін бұл кез қиын болғанымен, бізге мүмкіндік болды. Осылайша жолымыз ашылды», - дейді Қуаныш Найман.

«Моя ферма» компаниясы 2023 жылы сүт өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті кеңейту үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан несие алып, өздерінің сүт зауытын ашты. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының субсидиясын пайдаланды.

Осы уақыт ішінде 10 жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта сүтті өңдеу тәулігіне 3 тоннаны құрайды.

«Астана тұрғындарын өнімдерімізбен 100% қамтығымыз келеді. Біз эко өнім мен үй тағамдары бағытына жақындап келеміз. Қазір бәсекелестік артып келеді, бірақ менің ойымша, әр өндірушінің өз клиенті бар. Кез-келген бизнесті бастарда қиындық болады. Ең бастысы - мақсатқа жетуге деген ұмтылыс пен тілек. Өз жұмысыңызға жауапкершілікпен қарау, өз ісінің шебері болу, бүкіл процесті толық бақылау, сонымен қатар міндеттерді тапсыра білу маңызды. Сонда бәрі ойдағыдай болады!» - дейді Қуаныш Найман.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қызылсуат ауылы

Тел: +7 747 467 47 01

Instagram: @moyaferma.kz