Кардиган – әр гардеробта тұрар әмбебап киім. Оны кез келген жағдайда иыққа іліп кете беруге болады.
Кәсіпкер Зефира Джангазинова 2019 жылы тоқыма үйреніп, трикотаж бұйымдар өндіруге арналған жабдықтар сатып алып, шағын өндіріс ашты. Сол жылы қызметкерлерді оқыту үшін қосымша жабдықтар сатып алу үшін мемлекеттік грант конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды. Қазір компания тоқыма бұйымдардың толық циклын шығарады. Өз желісімен кардигандар тоқиды және «Zefi» брендімен танылып келеді. Компания әртүрлі үлгідегі күрделі және ұлттық стильдегі ою-өрнекті, әйелдерге арналған ұзын және қысқа тоқыма кардигандар шығаруға машықтанған. Компания өз өнімдерін тек Италияда жылына 2-4 рет өндірілетін сапалы меринос жүнінен тоқиды. Өндіріс үшін стильге, сондай-ақ маусымға байланысты әр түрлі иірілген жіптер қолданылады. Әйелдер арасында тоқылған кардигандар жоғары сұранысқа ие. Компания өз өнімдерін «Zefi» showroom арқылы және маркетплейстер арқылы сатады.
Компания кеңейіп, жабдық сатып алу үшін «ForteBank»-тен 21%-бен несие алып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша «Даму Қорының қолдауымен оны 8%-ға дейін төмендете алды.
Астана қ., Сауран к-сі, 7Г
Instagram: @Zafi_brand
Телефон: 87760117746