info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Оқы, оқы және оқы!

Жаңалықтар
29.03.2024

Жасыратыны жоқ, мектепке дайындалу, өте маңызды әрі қиын. Қазіргі білім беру жүйесі болашақ бірінші сынып оқушыларына жоғары талап қояды. Сондықтан баланы алдын-ала ғана емес, сонымен қатар дұрыс дайындау қажет. Бұған тәжірибелі, жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін білім беру орталықтарында көмектесе алады.

Осындай мекемелерге сұраныстың жоғары болуына байланысты ЖК «Марлен» 2021 жылы кең, заманауи сыныптармен жабдықталған қала орталығындағы «Murager school» оқу орталығының құрылысын бастады. Құрылысты аяқтау үшін ақша қажет болғандықтан, кәсіпкер «Даму» Қорының қолдауымен «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидия және кепілдік құралдарын пайдалана отырып «Банк Центр Кредиттен» жеңіл несие алды.

Murager school-да ең жақсы білім беру әдістері қолданылатындықтан балалар мектепті сәтті бастау және жалғастыру үшін қажетті дайындықтан өтеді. Оқу орталығына тек мектепте оқуға арналған кешенді дайындық сабақтары ғана емес, сонымен қатар вокал, шахмат, би және домбыра бойынша үйірмелер де бар. Бұл әр балаға өз қабілеттерін дамытуға, таланттарын ашуға мүмкіндік береді, ал тәжірибелі мұғалімдер бұған көмектеседі.

Қызылорда қаласы, Түркістан көшесі, 105

тел: 8 (775) 710-01-88,

инстаграм: @murager_school_2023