info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Erudit kids – жаңа үлгідегі балабақша

Жаңалықтар
29.03.2024

Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы мен Жәнібек Мақсат Мұратбекұлы «Erudit kids» балабақшасының негізін қалаған педагогтар.

2017 жылы осы балабақша білім бөлімінің балансында тұрған жартылай қираған және қараусыз қалған ғимарат болатын. 2019 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт негізінде кәсіпкерлер өз есебінен ғимаратты қалпына келтіріп, коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңартып, аумақты абаттандырып, балабақша ашты.

Компания басшылығы шет елдердегі мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәжірибесін зерттеп, жаңа балабақшада бәрін ұсақ-түйекке дейін ойластырды. Мұнда балалар үшін сертификатталған дидактикалық STEAM, бейби сенсорикасы, өмірлік машықтар зертханасы және тірі бұрышы бар жабдықталған сыныптарда дамыту сабақтары қарастырылған. Бұдан басқа, балаларға ағылшын тілі, шахмат, каратэ, джиу-джитсу, логика, хореография, вокал, домбыра ойнау, мәнерлеп оқу және робототехника үйретіледі. Балалары «Erudit kids» -ке баратын ата-аналар өте жақсы пікір білдіріп, қала тұрғындарына сенімді бақ ретінде ұсынады. Қызметтерге деген сұраныстың жоғары болуына байланысты бақша алаңын кеңейту қажеттігі туындады.

Осылайша, 2022 жылы компания қаржыландыру үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға жүгінді, онда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде балабақшаның ғимаратына жапсарлас құрылыс салуға және негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыз мақұлданды. Даму қорының қолдауымен кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме кәсіпкер үшін жылдық 8% -ды құрады, сондай-ақ кепілдікті қамтамасыз етудің жетіспейтін бөлігіне Қордың кепілдігі берілді.

РК, Абай облысы, Семей қаласы, Чехов көш. 123Б

Жетекшісі: Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы

Инстаграм: @eruditkids

Телефон : 8 (7222) 38‒22‒00