info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«DANYSHPAN» баланы жан-жақты дамытатын орталық

Жаңалықтар
29.03.2024

«DANYSHPAN» балаларды дамыту клубы ретінде жұмыс істейді. Кауынова Маржан Найманбаевна негізін қалаған. Төрт сұлу қыздың анасы, бірінші мамандығы – музыкант, екінші мамандығы – логопед.

Маржанға қажет болған кезде балаларды дамытатын орталықтардың ешқайсысы көңілінен шықпады.

Соңғы 10 жыл балалармен жұмыс тәжірибесі бар, оның 3 жылы логопед болып жұмыс істеген ол «Айша» АЖ тіркеп,осындай орталықты өзі ашу туралы шешім қабылдады.

«DANYSHPAN» мекемесінде балаларға логопед, дефектолог, дене тәрбиесі және балалардың жан-жақты дамуы бойынша қызметтер көрсетіледі.

«DANYSHPAN» клубын кеңейту мақсатында Жезқазған қаласындағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында компания «Банк Центр Кредит» АҚ-на өтініш беріп, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы несие алды, мұнда мөлшерлемесі 9 %.

Кәсіпорын өз үй-жайын сатып алу арқылы жалдау ақысын үнемдеп, қосымша 4 қызметкерді жұмысқа алу арқылы қызметін кеңейте алады.

«DANYSHPAN» – бірегей клуб. Бірегейлігі – тілі дұрыс шықпаған проблемаларды жоюмен айналысып, оқу процесін ұйымдастыратындығында. Сондай-ақ логомассаж, дефектолог, диагностика, түзету және дамыту, сөйлеу анықтығын қолдау және жақсарту, зейінді жақсарту қызметтерін ұсынады.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ.

Ілияс Есенберлин көш, 9А үй, 50 тұрғын емес үй-жай

Instagram: danyshpan_zhez