menu
Жабу

Дәннің көлеміндей ірі түйіршікті минерал шығаратын компания

Жаңалықтар
02.04.2024

«Gas line» ЖШС – Қазақстанда табиғи гранит өндіретін көшбасшылардың бірі. Барланған қоры бай, тәжірибесі мол, жаңа технологиялар мен жабдықтары жеткілікті компания қазір сенімді және іскер серіктес ретінде танылған. Гранит өндірудің озық технологиялары мен әдістерінің арқасында карьерде гранит блоктары өңделеді, шығыны да аз. Компания көптеген халықаралық көрмелерге қатысып, дайын өнім өндіруден бастап тұтынушыға жеткізуге дейінгі толық циклі бар компания ретінде тәуелсіз сарапшылардың оң бағасы алған.

Гранит – ең көп таралған тау жынысы. Өндірілген гранит түсі, құылымы жағынан алуан болып келеді. Компания өңдейтін граниттің барлық қоры өз қоймаларында сақталады және тапсырыс берушінің сұрауы бойынша тиісті мерзімде және нақты мекенжайға дер кезінде жеткізіледі. Компания өнімнің 70%-на дейін Қазақстанның ішкі нарығына, қалғанын Ресей, Өзбекстан секілді ТМД-ның басқа да елдерінің өңдеу зауыттарына экспорттайды. Компания өндіретін таспен біздің Республикамыздың астанасы Астанада, сондай-ақ Алматы, Мәскеу, Ташкент, Новосибирск, Челябинск, Тольятти, Грозный және басқа қалаларда түрлі мақсаттағы үкіметтік, әкімшілік ғимараттар мен маңызды объектілер безендірілген. Сондай-ақ компанияның өз автокөлік паркі және дамыған инфрақұрылымы бар. Бұл – Қазақстан ішінде және жақын және алыс шет елдерге тұтынушыға жеткізу мерзімін барынша қысқартуға мүмкіндік береді.

2023 жылы компания «Даму» Қорының субсидиясын қолдана отырып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында тасты кесу, өңдеу және әрлеу жұмысын кеңейту үшін мемлекеттен қолдау алды. Жобаны «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржыландырды.

Шығарылатын өнім Қазақстанда да, ТМД елдерінде де стадиондар, саябақтар, аллеялар, тұрғын үйлер және басқа да объектілер құрылысында кеңінен қолданылады.

Адрес: Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы, Тоқтар Әубәкіров көшесі, 15

Тел: +7 (727) 233 28 13

Пошта: qazaq-granit@mail.ru