menu
Жабу

Жан-Ұя өнімдері – әмбебап жайма

Жаңалықтар
09.04.2024

Ғылымның дамуы мен жаңа технологиялардың пайда болуының арқасында тамақ өнеркәсібінде жаңа бағыттар пайда болып, асқан етке салатын мұздатылған қамыр жасау сияқты бизнес қарқынды дамып келеді. Осындай кәсіпкерлердің бірі – Кенжеғұлова Жанар. «Жан-Ұя өнімдері» – әмбебап. Оны ет асқанда салуға да, орама, штрули, лазанья, үй кеспесін дайындауға болады. Қамырды жібіту үшін 15-20 минут қажет. Нәтижесінде үйде дайындалған, қолмен жайылған қамыр дайын.

Етке слаатын қамырдан басқа, кәсіпкер манты дайындауға арналған арнайы кесілген түрдегі қамыр, үгілмелі қатпарлы дайын самса қамырын, қара бидай ұнынан жасалған өнімдер де дайындайды.

Кәсіпкердің басты мақсаты – тұтынушыға сапалы өнім түрін ұсыну, сол себепті құрамына жоғары сұрыпты шикізат пайдаланады. Кәсіпкердің барлық өнімдері табиғи, қолдан жайылатын өнім. Осыған байланысты сұраныс күн сайын артып келеді. Кәсіпкер Magnum, Cash&Carry секілді ірі дүкендер желісімен, тұрақты клиенттері бар қаланың ірі және шағын сауда нүктелерімен әріптестік орнатты.

Кәсіпкер Жанар Кенжеғұлова цехта жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ қамыр өндіруге арналған жабдықтар сатып алу үшін «Банк ЦентрКредиттен» АҚ несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялау түрінде «Даму» Қорының қолдауын алды.

Қызылорда қаласы, Тұмарөткел көшесі, 21

Тел: +7 747 155 59 38

Инстаргам: zhanuya_onimderi_kzo