info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Гүлдей жайнаған бизнес

Жаңалықтар
18.04.2024

Жезқазған қаласында гүл сату бизнесі дамып келеді. Бұған дәлел –Жақыпов Бақытжан Әділханұлының кәсібі.

«Жакипов Б.Ә» ЖК 2023 жылдың ақпанында құрылған. Бақытжан Әділханұлы жүк тасымалы және гүл саудасымен айналысады. Жүк тасымалы – сенімді және тұрақты бизнес. Ал, гүл бизнесі ерекше назар аударуды қажет ететін кәсіп. Шығыны да аз емес. Бұл бизнесті бастарда ғимарат жалға алмау үшін компания бірден жұмыс істеп тұрған гүл дүкенін сатып алуды ұйғарды.

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін компания «Банк Центр Кредиттен» несие алды. «Даму» Қорының субсидия және кепілдік беру құралдарының арқасында жоба сәтті жүзеге асты.

Дүкен орталық жолдың бойында, адамдар көп жүретін жерде орналасқан. Компания өз ісінің кәсіби маманы – 2 флористі жұмысқа алды. Олар гүл дүкенінде сапалы қызмет көрсетеді.

«Гүл бизнесі де кез-келген кәсіп сияқты білім, арнайы машық, күш-жігерді қажет етеді. Біздің гүлдеріміз адамдарға сүйіспеншілік, күлкі және мол бақыт сыйлайтындықтан, біздің еңбегіміз текке кетпеді деп ойлаймыз», - дейді Бақытжан Әділханұлы.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ., Сейфуллин көш., 53

тел.: +7‒702‒544‒17‒41